Үндістанда жүк көлігінің жарылысынан сегіз адам көз жұмды

Үндістанда жүк көлігінің жарылысынан сегіз адам көз жұмды
emergency-live.com

Үндістанның оңтүстік-батысындағы Карнатака штатында жүк көлігі жарылып, салдарынан сегіз адам қаза тапты.

Бұл туралы The Times of India хабарлады.

Басылым мәліметінше, жүк көлігінің ішінде тас жаруға арналған заттар болуы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша, жарылыс кезінде көлік тұрақта тұрған, ал жұмысшылар сол маңда болған. Салдарынан 30 шақырым жердегі ғимараттардың терезелері сынған.