Коронавирус Грузия экономикасын шатқаяқтатты

Коронавирус Грузия экономикасын шатқаяқтатты
Oxu.az

Грузияда коронавирустың кесірі экономиканың барлық саласына тиді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде инфляция, жұмыссыздық жайлап, компаниялардың банкротқа ұшырауы жиіліген. Әсіресе, шекараның жабылуынан туризм саласы шатқаяқтады. Шетелдік саяхатшылардың жоқтығынан қызмет көрсету саласы да шығынға батты.

Грузияда індеттен компаниялар жаппай банкротқа ұшырап, жұмыссыздық жайлаған. Халық көптеген қиындыққа тап болды. Ал індеттің қайтар түрі жоқ. Ел экономикасы құлдырай түсті.

Георгий Папава, компаниянының жетекші экономисі:

- Індеттен қызмет көрсету саласының бір бөлігі саналатын әкімшілік және қосымша құрылымдар көп зардап шекті. Қонақ үйлер, пәтерлерді жалға алу, тамақтану саласы да шығынға батты. 2020 жылдың алғашқы тоқсанында бұл салалар 40%-ке төмендеді. Соңғы жылдары маңызды рөл ойнаған туризмнің құлдырауы ел экономикасына қатты әсер еткен.

Жергілікті туристік фирманың бірінің басшысы Армен Габрелиян бір жыл бұрын алға көп мақсат қойып, жоспарлар құрған еді. Жыл бойы жеке және топтық саяхаттар ұйымдастырумен айналысып келген кәсіпкердің ісі өрге басып, қызметін кеңейте түскен. Бірақ коронавирустан жағдай күрт нашарлап, кәсібін тоқтатуға мәжбүр болды.

Армен Габриелян, туристік фирманың басшысы:

- Туризм саласында кәсіп еткеніме 2 жылдай уақыт болды. Ісім өрлеп, қонақтарымыз қызметімізге әрдайым риза болған. Көп нәрсе біліп те қалған едік. Алайда бәрі бір сәтте қирап бүлінді. Шымылдық түсіп, қойылым біткендей әсер де қалдық. Менің компаниямда қызмет істеген 20 адам қазірге дейін жұмыссыз. Кәсібім тоқтап, үйде отырмын. Наурыз айында жағдай жақсарып, сүйікті ісімізді қайта қолға аламыз деген үміттемін.

Үш баласы бар Армен жанұясын әзірге жинап терген қаржысына асырап жатыр. Ал тапқан таянғанын күнделікті күнкөрісіне жұмсап өмір сүріп келген адамдар қаншама?! Ресми дерекке қарағанда індет басталғалы мемлекеттен ай сайын бөлінетін 60 доллар көмекқаржыны алуға 115 мың адам тіркелген.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили