Малайзияда карантин қайта енгізілді

Малайзияда карантин қайта енгізілді

Малайзияда коронавирус жұқтыру жағдайлары күрт артып кеткендіктен, ел билігі қатал карантин тәртібін қайта енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн сайын елде 3 мыңнан аса науқастан вирус анықталады. Шектеу шаралары және қалалар арасындағы қатынасқа салынған тыйым ақпанның төртіне дейін жалғасады. Сонымен қатар елдегі барлық спорт, туристік және көңіл көтеру орындары жабылды. Сауда орталықтары да жұмысын тоқтатып, кафе мен мейрамханалар тағамдарын тек сыртқа сатады. Жалпы індет басталғалы Малайзияда коронавирусты 172 мыңнан аса адам жұқтырған.