Коронавирустың Оңтүстік Африкадан шыққан түрі Кубаға жетті

Коронавирустың Оңтүстік Африкадан шыққан түрі Кубаға жетті
РБК

Ел билігінің мәлімдеуінше, оны шетелдік саяхатшы алып келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Симптомы жоқ кесел әуежайдағы тексеріс кезінде анықталды. Науқас пен қасындағы серіктері бірден карантинге жабылды. Жергілікті дәрігерлер жаңа штамның таралуына жол берген жоқпыз деп сендіреді. Бірақ Кубада соңғы кездері вирусты жұқтыру белең ала бастаған.

Гуадалупе Гузман, медициналық институттың зерттеу орталығының директоры:

– Дегенмен сақ болған жөн. Себебі біз бір рет жұқтырған адамдар үшін індетке екінші рет шалдығу қаупі барын жоққа шығара алмаймыз. Штамм анықталғаннан кейін ел бойынша жан-жақты зерттеу жүргізіліп жатыр.