417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Соңғы 10 жылда табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмған

  • 215
  • UPD: 15:24, 26.01.2021
Соңғы 10 жылда табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмған

Соңғы 10 жылда климаттың өзгеруіне байланысты табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марқұмдардың дені – табыс деңгейі орташа не төмен елдің азаматтары. Бұл туралы климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі саммитте БҰҰ-ның бас хатшысы мәлімдеді. Антониу Гуттериштің айтуынша, соңғы жарты ғасырда әлемде 11 мыңға жуық табиғат апаты тіркеліпті. Олардан келтірілген материалдық шығын 3 жарым триллион доллардан асады. Ал алдағы 20 жылда климаттық дағдарыс шығыны 54 триллион долларға дейін жетуі мүмкін.

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

– Жер бетіндегі әрбір үшінші адам табиғат апаттары туралы алдын ала ескерту жүйесімен қамтылмаған. Мәселен, дауыл не аптап ыстық жөнінде 24 сағат бұрын білсек, келтірілетін шығын 30 процентке кемитін еді. Сондықтан біз бірге әрекет етуіміз керек. Алдын ала ескертудің ортақ жаһандық жүйесі қажет.

Хабар 24 телеарнасы