Франция президенті «антисыйлыққа» лайық деп танылды

Франция президенті «антисыйлыққа» лайық деп танылды

Франция президенті Эммануэль Макрон Гринпис ұйымының «антисыйлығына» лайық деп танылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық экологиялық ұйым оны климатты қорғауға ең аз үлес қосқандардың қатарына жатқызды. Олардың ішінде президенттен бөлек Франция үкіметінің бірнеше мүшесі мен экологиялық өзгерістер министрі де бар. Гринпис өкілдерінің түсіндіруінше, Эммануэль Макрон үнемі климатты қорғау бойынша көшбасшы екенін айтып, жар салады. Шындығында «президенттің сөзі мен ісі үйлеспейді» дейді.