Жапонияда оқушылар мінген автобус аударылды

Жапонияда оқушылар мінген автобус аударылды
Trend.az

Жапонияның солтүстігінде оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады.

Бұл туралы сәрсенбі күні Kyodo агенттігі хабарлады.

Хоккайдо префектурасы полициясының мәліметінше, оқиға Мемуро қаласында болған. Бастауыш және орта мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобус аударылып кеткен. Кем дегенде 11 адам ауруханаға жеткізілді.

Құқық қорғау органдары болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.