Өзбекстанда алғаш рет коронавирустың британдық штамы тіркелді

Өзбекстанда алғаш рет коронавирустың британдық штамы тіркелді

Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мутацияға ұшыраған вирус 23 қаңтарда Дубайға отбасымен бірге барып қайтқан ташкенттік 11 жасар қыздан анықталған. Одан вирус әуежайдан экспресс-тест тапсырғанда шыққан. Осыдан кейін кішкене қыз жедел жәрдем арқылы жұқпалы ауруханаға жеткізіліп, зерттеу жүргізілген. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың халі бірқалыпты. Қазір ем-дом алып жатыр. Оның жанұясының өзге мүшелерінен жаңа штамм анықталмаған.