COVID-19: Испанияда халықты жаппай тестілеу жалғасып жатыр

 

Жергілікті билік осылайша жұқпалы кеселдің таралуын тоқтатпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы аптада Алькобендас қаласында 8 мыңға жуық адам тексеріліп, олардың 150-ден астамынан вирустың симптомсыз белгілері анықталған. Ал Ронде шаһарында 1 мыңға жуық адам тест тапсырды.

Айта кетейік, Испанияда індет басталғалы 2 миллион 700-ден астам адам вирус жұқтырып, 59 мыңнан астамы көз жұмды.

Диего Моралес, жергілікті тұрғын:

– Қалаларда індетке байланысты жағдай қиын екені белгілі. Сондықтан дерттің таралуын тоқтату үшін қолдан келген шараның барлығын жасау керек. Бұл симптомсыз науқастарды анықтаудың ең тиімді жолы деп ойлаймын.

Сондай-ақ...