Перт қаласында он айдан бері алғаш рет коронавирус дерегі тіркелді

Перт қаласында он айдан бері алғаш рет коронавирус дерегі тіркелді

Австралияның Перт қаласында 10 айдан бері алғаш рет коронавирусты жұқтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһарда 5 күндік локдаун жарияланды. Вирусты жергілікті қонақ үйлердің бірінде қызмет ететін күзетші жұқтырған. Шектеу шаралары аясында тұрғындардың үйден шығуына тыйым салынды. Тек азық-түлік сатып алу немесе жұмысқа баруға рұқсат етіледі. Қалада барлық кинотеатр, мейрамхана және дәмханалар жабылған.

Марк Макгоуэн, Батыс Австралия штатының премьері:

– Біз халықты індеттен қорғау үшін шұғыл түрде карантин енгізуді жөн көрдік. Шара келер аптаның жұмасына дейін жалғасады. Біз вирус өте жылдам тарайтынын естен шығармауыз қажет.