Малавиде коронавирус ушығып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Африкалық мемлекетте бір күннің ішінде 25 мыңға жуық науқас тіркелген. Бұл былтыр 27 желтоқсандағы көрсеткіштен 4 есе жоғары. Бір айдан кейін Малави азаматтарына «АстразЕнека» вакцинасы салына бастайды. Екпені 3 миллион 800 мың тұрғын қабылдайды. Бұл – жергілікті халықтың 20 проценті. Ең қиыны, елде аурухана мен емханада орын жетіспей жатыр. Ашық далада шатырлар тігіле бастаған.
Обри Филемон, медицина қызметкері:
– Бізге келген COVID-19 жұқтырған науқастардың көбі кемінде 1-2 күн төсек орнының босағанын күтуге мәжбүр болуда. Қауіпті ауруға шалдыққан адамдардың шарасыз жүргенін көргенде жанымыз ашиды.