АҚШ-та бет пен білекті қалыпқа келтіруге бағытталған операция сәтті өтті

АҚШ-та әлемде алғаш ер адамның бет-жүзін және қолының білектерін қайта орнатуға бағытталған операция сәтті өтті. Оны Нью-Йорк дәрігерлері 2018 жылы жол-көлік апатына түскен 22 жастағы Джо Димеоға жасады.

Үш жыл бұрынғы оқиға кезінде жас жігіттің көлігі өртеніп, денесінің 80 проценті күйік шалған еді. Саусақтары кесіліп, бет-әлпетінің біразы күйіп қалған. Апаттан кейін Димеоға 20-ға жуық операция жасалды. Сондықтан беті мен қолының білектерін жаңадан орнату қажет болған. Ал соңғы операция 23 сағатқа созылып, шараға 140 дәрігер қатысты.

Айта кетейік, әлемде бұған дейін осындай 2 операция жасалған. Бірақ олар сәтісз аяқталған еді. Бұл жолы мамандар нәтижеге риза.