Ирландия мен Франция арасында теңіз арқылы жүк тасымалы артты

Ирландия мен Франция арасында теңіз арқылы жүк тасымалы артты

Брекситтен кейін Ирландия мен Франция арасында теңіз арқылы жүк тасыған кемелер саны үш есе өсті.

Себебі жүк тасымалдаушылар Ұлыбританияны айналып өтетін жеңіл бағыттарды таңдауға көшкен. Нәтижесінде Ирландия мен Франция порттары арасында тікелей қатынаған жүк кемелерінің қарасы көбейді.

Мысалы, Шербур портында өткен жылдың қаңтар айында 3 мың трейлер тоқтаса, биылғы жылдың алғашқы айында олардың саны 9 мыңға жеткен. Бірақ сарапшылар бұл уақытша үрдіс болуы мүмкін деп отыр.