Таяу Шығысқа Sputnik V вакцинасы жеткізілді

Таяу Шығысқа Sputnik V вакцинасы жеткізілді

Палестина «Спутник Ви» вакцинасының 10 мың дозасын алды. Бұл автономиялық мемлекетке жеткізілген алғашқы екпе.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, аталған мөлшер 5 мың тұрғынға салуға жетеді. Сондай-ақ Палестинаға осы айда қытай және батыс вакциналары келуі тиіс. Бұдан басқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кедей елдерге арналған «Ковакс» бағдарламасы аясында 37 мың доза жеткізілмек.

Айта кетейік, Палестина аумағында 5 миллионнан астам халық тұрады. Індет басталғалы 2 мыңға жуық тұрғын қайтыс болып, 150 мыңнан астамы коронавирус жұқтырған.

Диаа Абу Зеина, жергілікті тұрғын:

- Барлық тұрғындарды екпе салдыруға шақырамын. Әйтпесе елімізде өлім-жітім көбейіп кетті. Өз басым вакцина алуға қазірден дайынмын.