Мысырда жантүршігерлік жол апаты болды

Мысырда жантүршігерлік жол апаты болды
life.ru

Мысырда жантүршігерлік жол апаты күйеу мен қалыңдықты қосқанда 11 адамның өмірін қиды.

Қайтыс болған жұптың үйлену тойы осы жексенбіде өтуі керек болған.

Эль-Куреймат тас жолында микроавтобус жеңіл көлікпен соқтығысқан. Көліктегі қалыңдық пен күйеу жігіт және 9 адам оқиға орнында ажал құшты. Жарақат алған бірнеше адам ауруханаға жатқызылды.

Ақпарат көзі: life.ru