Жүз жылда алғаш рет Англиядағы гүлдер шоуы өтетін мерзім шегерілді

Жүз жылда алғаш рет Англиядағы гүлдер шоуы өтетін мерзім шегерілді
Culture Trip

Челсиде дәстүрлі түрде мамыр айында өтетін гүлдер көрмесі пандемияға байланысты күзге қалдырылды.

Әдетте көктемнің ортасында ұйымдастырылатын шараны енді қыркүйектің 21-і мен 26-сы аралығында қызықтауға болады. Көрме тақырыбы биыл күзгі табиғаттың әсемдігіне арналады.

Шоу иелерінің болжауынша, күзде әлемдегі эпидахуал біршама жақсарады. Ал бұған әлемдік вакциналау барысы да оңтайлы әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар дизайнерлер мен бағбандар әдетте мамыр кезінде өсіп шыға қоймайтын гүлдермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кету керек, көрме соңғы 108 жылда алғаш рет күз мезгіліне шегерілді. Өткен жылы бұл шара пандемия кесірінен тіпті онлайн түрде өткен болатын.

Sky News

Аударған: Г.Абилова