Үндістанда апаттан аман қалған адам табылды

Үндістанның солтүстігіндегі табиғат апатынан қаза тапқандардың саны 9-ға жетті. Із-түзсіз жоғалған 140 адамның тағдыры беймәлім.

Құтқарушылар апаттан аман қалған бір адамды үйінділер астынан алып шықты.

Уттаракханд штатында ірі көлемді мұздықтар таудағы өзен бойымен төмен қарай жылжығанда өзен арнасынан тасып кеткен. Су тасқынынан аймақтағы электр станциясындағы бөгет қирап қалды. Жергілікті билік үйінділер астында әлі де адам бар болуы мүмкін дейді. Құтқару-іздестіру операциясы жалғасып жатыр.