Қалың қар және боран: Нидерланд билігі тұрғындарды үйде отыруға шақырып отыр

Қалың қар және боран: Нидерланд билігі тұрғындарды үйде отыруға шақырып отыр

Нидерландта қалың қар жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғаттың тосын мінезі, әсіресе, елдің батысындағы Роттердам қаласында қолайсыздық тудырды. Мұнда боран сағатына 90 шақырыммен соғып, қардың қалыңдыңы 20 сантиметрге жеткен. Осыған байланысты, билік соңғы 9 жылда алғаш рет бүкіл ел бойынша дабыл қағып, тұрғындарды үйде отыруға шақырып отыр. Ең қиыны, коронавирусқа қатысты тест алатын барлық орталықтарды жабуға тура келді. Бұдан басқа, пойыздар тоқтатылды. Бірақ қалың қар балаларға үлкен қуаныш әкелді.

Омбы қар Германияның солтүстігіндегі қарым-қатынасқа кедергі жасады. Жергілікті теміржол компаниясы көршілес Нидерландқа жүретін барлық пойыздарды тоқтатты. Мұнда температура бағаны -7-ге дейін төмендеген. Сондай-ақ елдің шығысы мен оңтүстігі де қолайсыз ауа райының зардабына ұрынды. Берлин, Ганновер және Кёльн шаһарларының арасында қатынайтын пойыздар уақытша қаңтарылды.