АҚШ-тың Аляска аймағында аюдың шабуылына ұшыраған шаңғышы құтқарылды

АҚШ-тың Аляска аймағында жағалау күзеті аю шауып, жаралаған шаңғышыны құтқарып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Аляскадағы Хейнс мекеніне жақын жерде болды. Шаңғы теуіп жүрген адамның алдынан аю шыға келіп, тарпа бас салса керек. Жыртқыштан әзер құтылған шаңғышыны жақын маңда жүрген жағалау күзетінің тікұшағы байқап қалады. Құтқарушылар оны дереу Джуно қаласындағы ауруханаға жеткізеді. Дәрігерлердің айтуынша, шаңғышы басы мен қолынан жараланған.

Сондай-ақ...