Каирде күлкі йогасы жаңа трендке айналды

Каирде күлкі йогасы жаңа трендке айналды

«Басыңа түскен қиындыққа күліп қара». Египет астанасы Каирде күлкі йогасы жаңа трендке айналды.

Жергілікті тұрғындар күйзелістен құтылудың тегін әрі төте жолын тапқан. Әсіресе, бұл әдістің коронавирус індеті кезіндегі көмегі зор. Еш себепсіз-ақ көңіл көтеру арқылы үрей мен қорқыныштан және тұрмыс тауқыметінен оңай арылуға болады. Мамандардың айтуынша, күлген кезде ағзаға бақыт гормоны – эндорфиндер көптеп бөлінеді.

Уте Девика, коуч:

- Күлкі йогасы – бойыңызда жиналып қалған барлық түйткілден құтылудың тамаша тәсілі. Күлкі биохимияны бірнеше минуттың ішінде өзгерте алады.