Танзанияда белгісіз дерттен 15 адам көз жұмды

Танзанияда белгісіз дерттен 15 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 50 кісі ауруханаға түскен. Бұл туралы БАҚ өкілдері хабарлады. Олардың мәліметі бойынша ауруға шалдыққандардың жүрегі айнып жатыр екен. Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, белгісіз ауру әзірге ел арасында қатты тарала қоймаған. Ол тек бір елді мекен аумағында ғана анықталып жатыр екен. Сондықтан сол аймаққа дереу бір топ маман жіберілді. Олар ауруды жақсырақ танып білу үшін арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Алдын ала тексеру қорытындысына сәйкес, науқастардың дені ер азаматтар. Бәрінде асқазан жарасы мен бауыр ауруы анықталған.