Парагвайда ұшақ апатынан жеті адам қаза тапты

Парагвайда ұшақ апатынан жеті адам қаза тапты

Парагвайда әскери әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырады.

Оқиға ел астанасы Асунсьон халықаралық әуежайының жанында болған. Жеті адам қаза тапты, біреуі тірі қалды, деп жазды ABC Color.

«Бір адамның жағдайы өте ауыр. Ол ауруханаға жатқызылды. Қалған жетеуінің өлімі расталды», - деді өрт сөндіру қызметінің бастығы Рубен Вальдес.

Парагвай билігі оқиғаға байланысты тергеуді бастады.