Еурокомиссия вакциналауға қатысты қателігін мойындады

Еурокомиссия вакциналауға қатысты қателігін мойындады

«Еуропалық одақта вакциналауды жоспарлау мен енгізуде қателіктерге жол берілді».

Еурокомиссия президенті Урсула Фон дер Ляйен осылай мәлімдеді. Ол қарттар үйлерінің тұрғындары мен медицина қызметкерлерін егу шаралары дұрыс бағытта жүргізіліп жатқанын айтты. Урсула Фон дер Ляйен күзге дейін кәрі құрлықтағы ересек тұрғындардың 70 процентіне вакцина салынатынын жеткізді. Бұған дейін Еуроодақта «Пфайзер-Бионтек», «Модерна» және «АстраЗенека» екпелері мақұлданған. Бүгін ресейлік «Спутник Ви» екпесін тіркеуге ресми өтініш берілді.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия Президенті:

- Біз вакциналарды қолдануға рұқсат беруді кешіктіріп алдық. Тапсырысты уақытында жеткізіп үлгереміз деп сеніп қалған сияқтымыз. Әдетте бір жаңа екпені әзірлеуге 5-10 жыл кетеді, ал біз оны 10 айда дайын қылдық. Әрине бұл үлкен ғылыми жетістік. Бірақ өндіріс ғылымға ілесе алмай жатыр. Емнің және вакциналардың жаңа штаммдарға қатысты қаншалықты тиімді болатынын әзірге толық білмейміз. Бірақ жұмысты жалғастырып жатырмыз.