Фукусимада жеті балдық жер сілкінісі болды

Фукусимада жеті балдық жер сілкінісі болды

Жапонияның Фукусима префектурасының жағалауында күші 7,1 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Табиғи апат ошағы Нами қаласынан 90 шақырым қашықтықта өтіп, кіндігі 54 шақырым тереңдікте болды.

Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Цунами қаупі жарияланған жоқ.

earthquaketrack.com

Аударған: Г.Абилова