Ирактың Эрбиль қаласындағы әуежай зымыранмен атқыланды

Ирактың Эрбиль қаласындағы әуежай зымыранмен атқыланды

Ирактың Эрбиль қаласындағы әуежай зымыранмен атқыланып, 2 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарға қарағанда әуежайға қарай 5 зымыран ұшырылған. Оның үшеуі осы әуежай мен оған жақын орналасқан АҚШ әскери база арасына түсіп, автосалон мен бірнеше көлік бүлінген. Қауіпсіздік күштері зымырандар осы Эрбиль қаласынан оңтүстікке қарай көрші Киркук провинциясынан атылғанын айтады. Бірақ әзірге әуежайға кімдер шабуыл жасағаны белгісіз.