416,57 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та ұшып бара жатқан лайнердің алып бөлшегі тұрғын ауданға құлады

  • 66
  • UPD: 12:33, 21.02.2021
АҚШ-та ұшып бара жатқан лайнердің алып бөлшегі тұрғын ауданға құлады

«Boeing 777» жолаушылар ұшағы АҚШ-тың Денвер қаласынан ұшып шыққаннан кейін оң жақ қозғалтқыштың қаптамасынан түгел айырылап қалды. Оның сынықтары тұрғын аудандарға түсіп, қозғалтқыш жанып кеткен. Бортта да, жерде де ешкім жараланған жоқ.

Бортында 231 жолаушы мен 10 экипаж мүшесі болған ұшақ аман-есен оралып, Колорадо штатының Денвер әуежайына қонды.

Негізі «United Airlines» рейсі Гонолулуға бет алған. АҚШ Федералды азаматтық авиация басқармасы ұшақтың оң жақ қозғалтқышы істен шыққанын хабарлады. Брумфилд қаласының полициясы аудандардың біріндегі бір қабатты тұрғын үйдің алдындағы көгалдарда жатқан қозғалтқыш гондоласының алдыңғы бөлігі түсірілген фотосуреттерді жариялады.

«United Airlines» әуе компаниясы ұшқаннан кейін қозғалтқыштың істен шыққанын растады.

BBC News

Хабар 24 телеарнасы