Германияда шаш алдыру үшін аукцион ұйымдастырылды

Германияда шаш алдыру үшін аукцион ұйымдастырылды

Германияда коронавирусқа байланысты сән салондарының жабық тұрғанына екі айдан асып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді шектеу шаралары жеңілдетіліп, олар 1 наурызда жұмысын қайта бастауы тиіс. Алайда бұл орындар ашылмай жатып, шаштараздардың бірі локдауннан кейін шаш алуға алғашқы болып жазылу үшін аукцион ұйымдастырған. Сөйтіп, 43 жастағы жергілікті тұрғын мұндай мүмкіндік үшін 422 еуро төлеуге келіскен. Шаштараз ақшаны қайырымдылыққа жұмсаймын деп отыр.

Айта кеткен жөн, Германияда былтыр желтоқсанда енгізілген локдаун 7 наурызға дейін ұзартылды. Алайда билік 1 наурыздан бастап сән салондары мен шаштараздардың жұмысына рұқсат берді.