АҚШ-та жарақатынан жазылған бірқазан хайуанаттар паркіне жіберілді

АҚШ-та жарақатынан жазылған бірқазан хайуанаттар паркіне жіберілді

АҚШ-та бірнеше жыл сауықтыру орталығында болған Амос атты бірқазан Бронкстағы хайуанаттар паркіне жіберілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны табиғатты қорғаушылар 2006 жылы қанаты сынып ұша алмай жүрген жерінен тауып алған еді. Содан мамандар қолдан келген шараның бәрін жасап, құсты құтқарып қалған. Бірақ Амос алған жарақатынан ұша алмайтындықтан хайуанаттар паркіне жіберу шешілген. Мамандар бейбіт мінезді бірқазан көрермендердің сүйіктісіне айналатынына сенімді.