424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чехия елдегі төтенше жағдайды наурыздың соңына дейін ұзартты

  • 242
  • UPD: 13:29, 27.02.2021
Чехия елдегі төтенше жағдайды наурыздың соңына дейін ұзартты

Чехия билігі коронавирус індетінің таралуына қарсы шектеулерді күшейтті. Елде жарияланған төтенше жағдайдың мерзімі наурыз айының соңына дейін ұзартылды.

Ал бірінші наурыздан бастап ел тұрғындарына өз ауданы аумағынан кетуге тыйым салынды. Сондай-ақ үкімет бір өңірде тұратын туыстарға көрісуге шектеу қойды. Азық-түлік сататын дүкендерден өзге сауда орындары мен мектептер жабылды. Осыған дейін Чехия тұрғындарына бірдей екі бетперде тағуға міндеттелді. Бұл елде коронавирустың британдық штамы таралып кетуіне байланысты қабылданған шаралар.

Хабар 24 телеарнасы