Үндістан Amazonia-1 бразилиялық спутнигін орбитаға шығарды

Үндістан Amazonia-1 бразилиялық спутнигін орбитаға шығарды

Үндістан Amazonia-1 деп аталатын бразилиялық спутникті орбитаға шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Жер бетін бақылауға арналған аппарат. Атап айтқанда, Амазон өзені төңірегі мен басқа өңірлердегі экологиялық жүйелерді зерттейді. Бразилияның спутнигімен бірге ғарышқа тағы 18 аппарат шығарылды. Оның біреуін жергілікті студенттер құрастырған. Бұл Үндістанның биыл ғарышқа ұшырған алғашқы зымыраны болды. Жалпы соңғы жылдары елде ғарыш игеру бағдарламасы қарқынды дамып келеді. Биыл желтоқсан айында Үндістан алғаш рет 3 экипаж мүшесінен тұратын ғарыш кемесін ұшыруды жоспарлап отыр. Егер бұл жоба сәтті өтсе, Үнді елі өз күшімен адамды ғарышқа ұшырған әлемдегі төртінші мемлекет болмақ.