430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды

  • 177
  • UPD: 23:13, 01.03.2021
Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды РИА Новости

Франция соты елдің бұрынғы президенті Николя Саркозиді сыбайлас жемқорлыққа және судьяға пара беруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

Оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, бірақ оның екеуін шартты түрде өтейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Саркози айыптауларды жоққа шығарды және бұл «саяси оппоненттердің қудалауы» деп санайды. Осы уақытқа дейін Франция президенттерінің біреуі ғана өкілеттігі аяқталғаннан кейін бір рет сотталды, бірақ оның өзінде ол түрмеде отырған емес. Тергеушілер алдымен - 2007 және 2012 жылдардағы екі сайлау науқанын қаржыландыруды мұқият тексерді. Саркозиге қарсы басқа да айыптар тағылды, олар: сыбайлас жемқорлық және қызмет бабын асыра пайдалану. Айыптау Саркози мен оның адвокаты Тиерри Эрзогтың телефон арқылы сөйлескен жазбаларына негізделген, ол экс-президентпен бірге айыпталды. Сот ісінің тізбегі мұнымен бітпейді. Жаңа сот процесі наурызға жоспарланған, онда Саркози мен оның 13 серіктесі 2012 жылғы сайлау науқанын заңсыз қаржыландырды деген айыптауға жауап беруі керек. Саркози алаяқтыққа қатысы бар деп күдікке ілінуде, ол сайлау науқаны шығындарын заңмен белгіленген лимитінен екі есе асырған деп айыпталуда.

Хабар 24 телеарнасы