Twitter вакцина туралы жалған ақпарат бар жазбаларды белгілейтін болды

Twitter вакцина туралы жалған ақпарат бар жазбаларды белгілейтін болды

Twitter әлеуметтік желісі коронавирусқа қарсы вакциналар туралы жалған ақпараттар жазылған жазбаларды белгілеп қояды.

«Бүгіннен бастап COVID-19 вакциналары туралы қате ақпараттан тұратын твиттерді белгілей бастаймыз», - делінген компанияның хабарламада.

Компания бұл шара жалған ақпараттармен күреске бағытталғанын атап өтті. Қазірдің өзінде аталған әлеуметтік желі COVID-19-ға байланысты 8,4 мыңнан астам твитті жойып, әлем бойынша 11,5 миллион аккаунтқа шара қолданған.