Оклахомада өрттен алты адам көз жұмды

Оклахомада өрттен алты адам көз жұмды
NEWS.ru

Оклахома штатына қарасты Вудворд округінде жылжымалы үйден шыққан өрттен алты адам көз жұмды.

Қайтыс болғандардың ішінде үш бала бар. Бұл туралы NBC телеарнасы хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, тоғыз жасар қыз құтқарылып, ол ауруханаға жатқызылған.

Өрт себебі әзірге айтылған жоқ.