Ауғанстанда қақтығыстар мен шабуылдардан соңғы тәулікте 90 адам қаза тапты

Ауғанстанда қақтығыстар мен шабуылдардан соңғы тәулікте 90 адам қаза тапты

Соңғы тәулікте Ауғанстандағы қақтығыстар мен террористік шабуылдардан кем дегенде 90 адам қаза тапты.

Бұл туралы Reduction in Violence тәуелсіз әскери әрекеттерді бақылау тобы хабарлады.

«Біздің топ соңғы тәулікте 90 адамның өлімін тіркеді, оның ішінде сегізі бейбіт тұрғын, бесеуі Ауғанстан ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік күштерінің мүшесі және 77 «Талибан» қозғалысының жауынгері», - деді ұйым.

Одан бөлек, сол уақытта 33 адам, оның ішінде 31 талиб пен екі бейбіт тұрғын жарақат алған.