Калифорнияда Диснейленд жұмысын қайтадан бастайды

Калифорнияда Диснейленд жұмысын қайтадан бастайды

Калифорния штатында сәуірдің бірінен бастап Диснейленд пен өзге де ойын-сауық парктері ашылады.

Жергілікті билік халықты вакциналау күшейтіліп, індеттің таралуы бәсеңдеуіне байланысты осындай шешім қабылдады. Бірақ аталған орындарда қатаң санитарлық талаптар сақталады. Бастапқыда ойын-сауық орындарына тек штат тұрғындары кіре алады. Келушілер бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс.

Калифорнияда індеттен ойын-сауық орталықтары бір жылдан астам уақыт жабық тұрды.