Токио тұрғындары үшін ПТР тест сатып алудың жаңа тәсілі пайда болды

Токио тұрғындары үшін ПТР тест сатып алудың жаңа тәсілі пайда болды

Бұдан былай кез келген азамат коронавирусты анықтау үшін тестті вендинг аппараттан ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша қала тұрғындарына өз бетінше сынамадан өтіп, оны пошта арқылы зертханаға жіберу мүмкіндігі беріліп отыр. Белгілі болғандай, тест бағасы 40 доллар тұрады екен. Біздің валютамен бұл – шамамен 17 мың теңге. Алайда мұндай автоматтар әзірге тек бір ауруханаға ғана қойылған.

Хидеки Такемура, аурухана директоры:

– Коронавирусты анықтайтын тесттерді арнайы аппараттарға қоюдың бірқатар артықшылығы бар. Мәселен, тестілеуден өту үшін алдын ала жазылудың қажеті жоқ. адамдардың нөпірі де аз болады. Сондықтан осындай құрылғылар бүкіл қала бойынша орнатылса жақсы болар еді.

Франция билігі болса, халықты вакциналау қарқынын одан әрі үдетуді қолға алды. Бүкіл ел бойынша жүздеген вакциналау орталығы ашылып жатыр. Билік өкілдері келтірген мәліметке сүйенсек, қазірге дейін шамамен 600 мыңдай тұрғын екпе алыпты.

Айта кетейік, Францияда коменданттық сағат режимі жалғасып келеді. Өйткені бірқатар өңірде вирус жұқтыру көрсеткіш әлі де жоғары.