COVID-19: Бразилияда өлім-жітім деректерінің тәуліктік рекорды тіркелді

COVID-19: Бразилияда өлім-жітім деректерінің тәуліктік рекорды тіркелді

Бразилияда коронавирустан болған өлім-жітім деректерінің рекордтық деңгейі тіркелді.

Бір күнде 2 мыңдай азамат көз жұмған. Вирус жұқтырғандар қатары одан да көп. 70 мыңдайы инфекцияға шалдыққан. Мамандардың айтуынша, қазір елдің ең ірі 15 қаласындағы жансақтау бөлімдері 90 процентке толған. Жалпы денсаулық саласы құлдырауға шақ тұр.

Северино Перрейра, жергілікті тұрғын:

- Денсаулық сақтау жүйесіне түскен ауыртпалық өте үлкен болып тұр. Ауруханалар науқастар ағынына төтеп бере алмай жатыр. Осыған байланысты биліктегілер ел азаматтарын вакцинамен қамтамасыз ету жағын реттеулері қажет.