АҚШ-тың бірқатар штатында қар көшкіні жүріп, электр жарығы өшуі мүмкін

АҚШ-тың бірқатар штатында қар көшкіні жүріп, электр жарығы өшуі мүмкін

Қамданған қарап қалмайды. АҚШ-тың «Жартасты тау» және «Жоғары жазықты жер» аймақтарында ақтүтек боран болғалы тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктер қар көшкіні жүріп, электр жарығы өшуі мүмкін деп дабыл қақты. Вайоминг және батыстағы Небраска штаттарында қалың ақ ұлпа мен бұрқасынға байланысты қазірден төтенше хабар таратылды. Әсіресе, билік көлік жүргізушілерін жолда абай болуға шақырады. Колорадо штатына да қолайсыз ауа райы болуы мүмкін. Денвер қаласындағы халықаралық әуежайда жүздеген әуе рейстері кейінге шегерілді.