АҚШ-та 30 мың тұрғын жарықсыз қалды

АҚШ-та 30 мың тұрғын жарықсыз қалды

АҚШ-та табиғат тосын мінез танытты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Техаста күшті жел тұрып, оның жылдамдығы сағатына 140 шақырымға дейін жеткен. Ал Колорадо, Вайоминг және Оңтүстік Дакота штаттарында қарлы боран ойран салды. Кейбір өңірде жауған қардың биіктігі 70 сантиметрге дейін жетеді. Салдарынан бір жарым мыңнан аса әуе сапары кейінге шегеріліп, 30 мың тұрғын жарықсыз қалды.

Айта кеткен жөн, өткен айда Техаста ауа райының қолайсыздығына байланысты миллиондаған тұрғын су мен электр қуатынан ажыратылған еді. Мұның соңы ірі жанжалға ұласып, жергілікті энергетикалық компания басшылығы қызметінен кеткен болатын.