Германиядағы сайлауда Ангела Меркельдің партиясы жеңіске жете алмады

Германиядағы сайлауда Ангела Меркельдің партиясы жеңіске жете алмады

Германияда екі федералдық жерде өткен аймақтық сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша неміс канцлері Ангела Меркельдің партиясы жеңіске жете алмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Христиан-демократтар небәрі 25 процент дауыс жинаған. Ол саяси ұйым үшін рекордтық төмен көрсеткіш болып отыр. Сарапшылар мұның бірнеше себебі барын айтады. Біріншіден, халықтың христиан-демократтардың коронавируспен жүргізіп жатқан күрес шараларына көңілі толмайтын көрінеді. Сондай-ақ депутаттардың маскаларды мемлекеттік сатып алуға байланысты жемқорлық дауы да өз кесірін тигізсе керек. Сөйтіп, алдын ала нәтижелер бойынша екі федералдық жерде өткен сайлауда «Жасылдар» партиясы жеңіске жеткен. Сарапшылар бұл нәтижелер кейін күзде өтетін сайлауға әсер етуі мүмкін дейді. Онда христан-демократтар канцлер лауазымына өз үміткерін ұсынуы тиіс. Қазіргі үкімет басшысы Ангела Меркель бұл саяси додаға қатыспайды.