Шымкентте үздік оқушылар марапатталды

Шымкентте үздік оқушылар марапатталды

Шымкентте жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан өрендер қалалық «Дарын» орталығының дипломдарына ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңінде жеңімпаз атанған жүлдегерлер. Үздіктердің дені жаратылыстану, математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша кіл мықтылар. Олимпиаданың қалалық және облыстық кезеңдерінен сүрінбей өткен 85 оқушы енді Оңтүстік өңірінің намысын республикалық сында қорғайтын болады.

Раушан Жеренова, қалалық «Дарын» орталығының директоры

- Ертең осы дарынды балаларымыз еліміздің болашағы міне, еліміздің экономикасының драйвері болады деп сеніммен айта аламыз. Себебі осы балалар дәстүрлі сабақтардан бос кезде тереңдетіп пәндерді оқып, сондай деңгейге жетіп отыр. Біздің балаларымыз ертең республикаға қатысып, ол жерден жүлдегер болатын болса, халықаралық аренада біздің елімізді қорғайды.