Швецияда коронавирус жұқтырғандар арасында балалар мен жастар көп

Швецияда коронавирус жұқтырғандар арасында балалар мен жастар көп

Инфекцияға шалдыққан әр бесінші адамның жасы жиырмаға жетпейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі жуырда осындай дерек келтірді. Жастар арасындағы вирус жұқтыру көрсеткішінің жоғары болуына коронавирустың британдық штамы түрткі болған көрінеді. Осыған байланысты Швецияның кей өңірлері қашықтан білім алу форматын ұзарту туралы шешім қабылдады.