Н.Саркози қайтадан сот алдында жауап береді

Жемқорлық үшін сотталған Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози тағы да сот алдында жауап береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы 66 жастағы саясаткер 2012 жылғы сайлаудың үгіт-насихат шараларына бөлінген қаржыны мақсатсыз жұмсап, жымқырды деп айыпталып отыр. Николя Саркози сайлауалды науқанға бөлінген соманы 24 миллион долларға асырып жіберген. Шығынның орнын толтыру үшін штаб қызметкерлері жалған шот ашып, қаржылай қулыққа барған. Бірақ бұрынғы президент аталған астыртын әрекеттен хабарсыз болғанын айтады. Енді осы іс бойынша Саркози айыпты деп танылса, 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, наурыздың 1-інде экс-президент жемқорлық және ықпалын саудалау айыбымен үш жылға сотталған болатын.