Германияда полицейлер контрабандашылардың қолынан 101 күшікті құтқарып қалды

Германияда полицейлер контрабандашылардың қолынан 101 күшікті құтқарып қалды

Пандемия кезінде үй жануарларына деген сұраныс артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Неміс құқық қорғаушылары пандемия салдарынан қара нарықта төрт аяқтылардың саудасы қыза түскенін айтады. Жергілікті полицейлер контрабандашылардың қолынан 101 күшікті құтқарып қалды. Қаскөйлер оларды Венгрияға жеткізбек болған. Мамандар төрт аяқтылардың жағдайы нашар екенін айтады. Қазір олар жануарларға арналған жергілікті орталықтардың біріне жіберілген. Осы ретте зооқорғаушылар тұрғындарды заңсыз сатушылардың көмегіне жүгінбеуге шақырып отыр. Өйткені олар ауру жануарларды сатуы да мүмкін. Кейін құтқарылған төрт аяқтылар арнайы орталықтарға жіберіледі. Мекеме басшылары бұл қосымша шығын екенін айтады.