АstraZeneca тиімділігін тағы дәлелдеді

АstraZeneca тиімділігін тағы дәлелдеді

АstraZeneca вакцинасы АҚШ, Чили және Перуде сыналып, тиімді әрі қауіпсіз екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Тексеріске барлық жастағы 32 мыңнан астам ерікті қатысқан. Мамандар бұл зерттеу дер кезінде жасалды дейді. Себебі Еуропалық одақтың бірқатар елінде АstraZeneca-ға қатысты күмәнді жағдай әрі дау-дамай пайда болған еді. Аталған екпені қабылдаған кейбір адамдардың қаны ұйып қалған.