Сауд Арабиясы мұнайға қатысты болжам жасады

Сауд Арабиясы мұнайға қатысты болжам жасады

Биыл қара алтын нарығы жанданып, мұнайға сұраныс артуы мүмкін. Бұл туралы Сауд Арабиясының ұлттық мұнай компаниясының бас директоры Амин Ан-Насер мәлімдеді.

Айтуынша, қазір әлемде күніне 92 миллион баррель мұнай өндірілсе жыл соңына дейін оның көлемі 99 миллионға жетуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін «Сауди Арамко» өткен қаржы жылына қатысты есеп берген еді. Бірлестік кірісі 2019 жылғымен салыстырғанда 2 есе азайғанын мәлімдеген.