Англияның батысында ұшақ құлады

Англияның батысында ұшақ құлады

Англияның батысында ұшақ апатқа ұшырап, оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі жіберілді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, апатқа ұшыраған ұшақ елдің әскери әуе күштеріне тиесілі және оның маркасы Hawk T1.

«Төтенше жағдайлар қызметі қазіргі уақытта Сент-Мартинс аймағында. Олар ұшақ апаты туралы хабардан кейін бірден сол жерге жіберілді. Тұрғындарға бұл аймақтан кетуге кеңес берілді», - деп хабарлады жергілікті полиция.

Құрбан болғандар туралы ақпарат хабарланған жоқ.