Дания AstraZeneca вакцинасын мұқият тексеріп жатыр

Дания «АстраЗенека» вакцинасын тексеру ісін тағы 3 аптаға ұзартты. Бұл зерттеу аталған екпені қабылдаған бірнеше адамның қаны ұйығаннан кейін 11 наурызда қолға алынған болатын.

Мұндай тексерісті Еуропалық Одақтың Дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі де жүргізіп, оң шешім шығарды. Бірақ Даниядағы жағдай мүлде басқаша. Бұл елде «АстраЗенека»-ны салдырған 2 адам көз жұмған болатын. 

Тания Эриксен, Данияның дәрі-дәрмек агенттігінің  фармбақылау директоры:

- Фармакологиялық тұрғыдан алғанда бұл вакцина ковид-19-ға қарсы қауіпсіз әрі тиімді. Бірақ осы екпе мен індеттің арасында қандай да бір байланыстың бар екендігін жоққа шығара алмаймыз. Яғни тромбоциттердің аз болуы, қан айналымы және қанның ұюына қатысты анықтайтын нәрселер бар. 

Ал Швеция  «АстраЗенека»-ны жасы 65-тен асқан қарияларға қолдану ісін жандандырады. Бірақ жастарға егуге әзірге рұқсат берілген жоқ. Себебі осы бағыттағы зерттеу әлі аяқталмаған.

Андерс Тегнелл Бас эпидемиолог:

-  «АстраЗенека» егде адамдар үшін өте тиімді. Басында бізде біраз күмән болды. Жеткілікті мәлімет берілмеді. Бірақ кейін Ұлыбритания мен АҚШ-та үлкен зерттеулер жасалды. Сонда да біз өзіміз зерттеу жасауды жөн деп санадық.