Ресейде жануарларға арналған COVID-19 вакцинасы тіркелді

Ресейде жануарларға арналған COVID-19 вакцинасы тіркелді

Ресей әлемде алғаш рет жануарларға арналған коронавирустық вакцинаның тіркелгенін мәлімдеді.

Жануарларға арналған инактивті вакцинаға Карнивак-Ков деген атау берілді.

Клиникалық зерттеулер иттерге, мысықтарға, күзендерге, түлкілерге және басқа жануарларға жүргізілді. Зерттеулердің нәтижелері вакцинаның зиян еместігін және оның жоғары иммуногендік белсенділігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.