COVID-19: Иранда тәуліктік антирекорд тіркелді

COVID-19: Иранда тәуліктік антирекорд тіркелді

Иранда да тәуліктік антирекорд тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде соңғы үш айда алғаш рет бір күнде 10 мыңнан астам адамға коронавирус диагнозы қойылған.

«Аймақтағы эпидахуалдың ушығуына халықтың Наурыз мерекесінда жаппай қалааралық қатынауы себеп болды», - дейді мамандар. Жергілікі шектеулер мен коменданттық сағатқа қарамастан, тұрғындар мереке күндері сапарлата бастаған.

Айта кетейік, пандемия басталғалы Иранда 1 млн 900 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Олардың 63 мыңы көз жұмды.

Можган Бабаей, жергілікті тұрғын:

- Халықтың тыныс-тіршілігін көріп тұрмын. Көбі қауіпсіздік шараларға немқұрайлық танытып жүр. Маска мен әлеуметтік арақашықтық сақталмайды. Тіпті көбі сақтану жайында ойламайды.